Автоөнеркәсіптегі жаңа жобалар: Үкімет бамперлер мен дөңгелек дискілерін шығару жоспарын таныстырды

Фото: pexels
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 21 шілдеде өткен Үкімет отырысында автоөнеркәсіп саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өндірісті локализациялау деңгейін арттырудың негізгі тетіктерінің бірі – автокомпоненттер өндірісін дамыту.

"Қазір бұл бағыт қарқынды дамып келеді. Отандық кәсіпорындар шиналар, қозғалтқыш бөлшектері, аккумуляторлар, автобустарға арналған металл бөлшектер, орындықтар және мультимедиялық жүйелер шығаруды игерді. Сонымен қатар бамперлер, электр сымдары, дөңгелек дискілері мен лак-бояу материалдарын өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министрдің айтуынша, бұл саланы дамыту мақсатында машина жасау және көлік мәселелері жөніндегі заң қабылданып, оған "өнеркәсіптік кластер" ұғымы енгізілген.

"Қазіргі таңда ең ірі өнеркәсіптік кластерлер Қостанай, Саран және Алматы қалаларында жұмыс істеп тұр. Осы кластерлер аясында автокөлік құрастырумен қатар қажетті автокомпоненттер өндірісі дамып, жаңа жеткізушілер тартылып, өндірістік тізбектер қалыптасуда", – деп толықтырды министр.

Қазақстанда қандай автокөліктер өндірілетіні туралы толығырақ материалдан оқи аласыз.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды