Цифрлық даму министрлігі ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауына қатысты түсінік берді

Фото: pexels
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауы қызмет сапасына қалай әсер етуге тиіс екенін айтып, қазақстандықтардың мобильді интернеттен бас тартып жатқаны туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер тарифтердің өсуінен кейін қазақстандықтардың бір бөлігі мобильді интернеттен бас тарта бастағаны рас па және бұл цифрлық қызметтердің қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін бе деген сауал қойды.

"Бізде мұндай статистика жоқ. Жалпы, менің білуімше, елімізде ұялы байланыс абоненттерінің саны шамамен 27 миллионға жуық. Бұл көрсеткіш үнемі өзгеріп отырады. Кейбір адамдар бірнеше SIM-карта пайдаланады, кейде белгілі бір операторлардың қызметінен бас тартады. Оның ішінде тарифтер де себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар өткен жылдың ортасында біз алаяқтыққа қарсы іс-қимылға бағытталған заңнамалық түзетулер пакетін қабылдап, сәйкестендіру кодтары мен пайдаланылмайтын абоненттердің деректер базасын тазарту жұмыстарын белсенді бастадық. Тексеру барысында олардың бір бөлігі алаяқтық мақсатта қолданылғаны анықталды", – деді Досжан Мұсалиев.

Оның айтуынша, абоненттер санының өзгеруі тарифтердің қымбаттауынан емес, байланыс операторларымен бірлесіп жүргізіліп жатқан пайдаланылмайтын, яғни "үнсіз" SIM-карталарды өшіру жұмыстарына байланысты болуы ықтимал. Мұндай SIM-карталар кейбір жағдайларда алаяқтық әрекеттерде пайдаланылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі