Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді

Фото: unsplash
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Алакөл көлінің жағалауында Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері дронның көмегімен рейдтік іс-шара өткізді.

Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жағалау аумағына әуеден мониторинг жүргізіліп, қоршаған ортаны ластау фактілері анықталды.

Мұндай тәсіл құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және табиғи аумақтардың тазалығын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.

Рейд барысында полиция қызметкерлері демалушылармен және жергілікті тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Азаматтарға тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға тастау, табиғатты аялау және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі ескертілді.

Алакөл – еліміздің табиғи байлығы әрі мыңдаған туристер келетін ерекше демалыс орны. Оның тазалығы мен көркін сақтау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осыған байланысты полиция табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоқысты бей-берекет тастамауға және қоршаған ортаны таза ұстауға шақырады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз