Таиландтан жеткізбек болған екі бөгде чемодан қазақстандыққа 16 жылға бас бостандығынан айырылуына себеп болды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда Таиландтан аса ірі көлемдегі есірткіні елге заңсыз әкелмек болған 22 жастағы Қазақстан азаматы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас көлік прокуратурасының 2026 жылғы 22 шілдедегі мәліметінше, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызды аса ірі мөлшердегі есірткі құралдарын контрабандалық жолмен өткізу және заңсыз айналымға енгізу бойынша кінәлі деп таныды.

Іс материалдарына сәйкес, ол ақшалай сыйақы үшін Таиландтан Қазақстанға құрамында каннабис сығындысы бар екі чемоданды жеткізуге келіскен. Тыйым салынған заттың жалпы салмағы 8,8 келіні құраған.

Заңсыз жүк қыз Алматы халықаралық әуежайына келген бойда анықталып, тәркіленді. Сот оны 16 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура әлеуметтік желілерде таралатын "жеңіл табыс" немесе тегін шетелге саяхаттау туралы ұсыныстардың халықаралық есірткі тасымалының бір бөлігі болуы мүмкін екенін ескертеді. Мұндай қылмыстық схемаларға қандай рөлде қатысқанына қарамастан, барлық қатысушылар қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Еске салайық, бұған дейін Астанада жалған терроризм туралы хабарлама таратқан 23 жастағы қазақстандық үш жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді