Үш әйелі туралы әлеуметтік желіде айтқан қазақстандық полицияға шақырылды

Фото: Zakon.kz
Жуырда әлеуметтік желіде өзін үш әйелінен туған балаларды тәрбиелеп отырғанын айтқан қазақстандық отбасының тату әрі бақытты екенін, алайда қаржылық қиындықтарға тап болғанын жариялаған еді. Осы жазбадан кейін оған құқық қорғау органдарының назары ауды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жарияланған контентке талдау жүргізіп, автордың насихаттаған өмір салты Қазақстан заңнамасына және қоғамда қалыптасқан моральдық-этикалық құндылықтарға қайшы келетінін мәлімдеді.

Тексеру барысында ер адамның жеке басы анықталды.

"Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша құқыққа қайшы контент орналастырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізгеннен кейін ер адамның әлеуметтік желідегі жарияланымдарын өшіргені нақтыланды.

Осыған байланысты полиция маңызды ескерту жасады.

"Әлеуметтік желілер – көпшілікке қолжетімді ақпараттық кеңістік. Заң талаптарына қайшы келетін мінез-құлық үлгілерін насихаттайтын, отбасы институтына және жалпыға ортақ моральдық-этикалық құндылықтарға құрметті әлсірететін контентті тарату заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады", – деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстанда көпәйел алушылық заңмен танылмайды. Заңды күшке тек мемлекеттік тіркеуден өткен бір ғана неке ие. Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексінің 11-бабына сәйкес, егер некеге тұратын адамдардың біреуі басқа тіркелген некеде болса, жаңа некені тіркеуге жол берілмейді.

Бұған дейін Алматы полициясы ер адам мен қыздың қатысуымен болған даулы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

"Қазгидромет" Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофил сотталды

"Китабут-таухид" – ақиқат шамшырағы!

"Бұршақ түсіп, тұман басады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды