Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофил сотталды

Педофил, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, сот үкімі, сегіз жасар, қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 22:57 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты. Азғындыққа барған ол енді қалған ғұмырын темір тордың ар жағында өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаршадай қызға жасалған қастандыққа қатысты сот отырысы жабық форматта өтті. Екінші сынып оқушысының зорланғаны туралы алғаш оның анасы арыз түсірген. Жұрттың жағасын ұстатқан жағдай Сарысу ауданында болған. Ойын баласына өз туысы азғындық жасағанын сараптама қорытындысы дәлелдеді. Сот шешімімен қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды КТК.

"ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы тек өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот үкімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды".Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралалық соты

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін ШҚО-да заңсыз алтын өндіру ісі бойынша сот үкімі жарияланғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: