Инсульт пен инфаркттан кейін емханадан оңалту емін тегін алуға болады

Фото: zakon.kz
Инсульттен, инфаркттан, жарақаттан немесе отадан кейін оңалту емі емдеуден кем түспейтін маңызды кезең болып саналады. Көптеген пациент медициналық оңалтудың тек мамандандырылған орталықтарда ғана емес, тіркелген емханасында да қолжетімді екенін біле бермейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 25 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласындағы №16 қалалық емхананың Оңалту және қалпына келтіру емі орталығының меңгерушісі Назерке Мирзамбекқызы Ұлдақанованың айтуынша, медициналық оңалту ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетіледі.

Учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша пациенттер емдік дене шынықтыруды, физиотерапияны және басқа да оңалту әдістерін қамтитын қалпына келтіру емінен өте алады. Оңалту бағдарламасы әр пациенттің диагнозына, денсаулық жағдайына және жеке қажеттілігіне қарай әзірленеді. Оңалтудың басты мақсаты – адамның жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге, қозғалу қабілетін жақсартуға, өзіне-өзі қызмет көрсету деңгейін арттыруға және өмір сапасын жақсартуға көмектесу.

Қазақстанда медициналық оңалту үш кезең бойынша жүзеге асырылады:

Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы қаласында 11 555 пациент медициналық оңалту курсынан өтті. Оның ішінде 5 412 адам оңалтудың екінші кезеңінде, ал 6 143 адам үшінші кезеңінде медициналық көмек алды.

"Егер сізге немесе жақындарыңызға қалпына келтіру емі қажет болса, медициналық оңалтудың көрсетілімі бар-жоғын және оны қалай алуға болатынын білу үшін учаскелік дәрігеріңізге жүгініңіз", делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда балаларды оңалту саласында инновациялық бағыт енгізілгені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті