Жаңаөзенде 9 жастағы бала автобустан түсіп, із-түзсіз жоғалып кеткен

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Жаңаөзен қаласында 9 жастағы Мансұр есімді бала іздестіріліп жатыр. Ол 28 шілде күні таңертең автобустан түсіп, із-түзсіз жоғалып кеткен. Баланы іздеуге полиция қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал ата-анасы қала тұрғындарынан оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, хабарлауды сұрап отыр.

Lada.kz басылымының мәліметінше, оқушы қоғамдық көліктен түскеннен кейін жоғалып кеткен.

Баланың әкесінің айтуынша, Мансұрды кейінгі рет бүгін, 28 шілде күні таңертең көрген.

Белгілі болғандай, шамамен сағат 11:00-де бала Утесинов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің маңындағы аялдамадан автобустан түскен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Жоғалған кезде оның үстінде сұр түсті футболка мен қара түсті шолақ шалбар, қолында қара түсті жол сөмкесі болған.

"Қазір полиция қызметкерлерімен бірге іздестіріп жатырмыз. Егер баламыздың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін тұрғындар болса, хабарласуды сұраймыз", – деді баланың әкесі.

Мансұрдың жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан оның әкесіне 8 (771) 815-40-26 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео