Алматының бір ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматының Әуезов ауданында бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетті қалыптастыру жұмыстары жалғасып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, дизайн-код талаптарын іске асыру аясында Сәулет және қала құрылысы басқармасымен, сондай-ақ Полиция департаментімен бірлесіп заңсыз орналастырылған 1 500-ге жуық маңдайша мен жарнама құрылымы алынып тасталды.


"Сонымен қатар Алтынсарин және Абай даңғылдары, Саин, Жандосов, Шаляпин және Төле би көшелерінің бойындағы 15 учаскеде ғимараттардың қасбеті мен маңдайшасын қаланың дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қасбеттер мен маңдайшаларды Алматының дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру қажеттігі туралы 200-ден астам хабарлама табысталды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі