Қазақстанда қатерлі ісікті жаңа әдістермен анықтау жоспарланып отыр

Фото: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі зертханалық диагностиканы ұйымдастыру стандартына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта зертханалық диагностиканы жүргізу тәртібі, сондай-ақ жүргізілетін зерттеулердің көлемі мен түрлері айқындалады.

Сонымен қатар құжат қолданыстағы нормаларды денсаулық сақтау жүйесінің заманауи талаптарына сәйкестендіруге және диагностикалық зерттеулерді ұйымдастыру кезінде құқықтық нормалардың әркелкі түсіндірілуін болдырмауға бағытталған.

Негізгі өзгерістер онкология саласындағы референс-зертхананың жұмысын қамтамасыз ету үшін стандартқа молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін енгізуді көздейді. Сондай-ақ гистологиялық әдісті клиникалық-зертханалық әдістер тізбесінен алып тастап, оны патологиялық-анатомиялық қызметке бекіту ұсынылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шара медициналық көмек көрсету стандарттарын, лицензиялық талаптар мен медицина мамандарының біліктілік сипаттамаларын қоса алғанда, әртүрлі нормативтік құжаттар арасындағы қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында 12 тамызға дейін жария талқылауға орналастырылды.

Бұған дейін Қазақстанда патологиялық-анатомиялық қызметті ұйымдастыру тәртібін жетілдіру жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы