Қазақстанда бір күнде 6 орман өрті тіркелді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстан аумағындағы орман қорында алты орман өрті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт ошақтары бірнеше өңірде тіркелген:

Қостанай облысындағы өрттер мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің патрульдеу барысында анықталған. Арнайы техника мен қажетті күштер жұмылдырылып, өрт ошақтары жедел оқшауланған.

Ал "Ертіс орманы" және "Семей орманы" резерваттарындағы өрттер автоматты түрде анықтау жүйесі арқылы тіркелген. Оқиға орнына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен арнайы техника жіберілген. Қазіргі уақытта аталған аумақтарда өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мамандар аптап ыстыққа байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталатынын ескертті. Тұрғындар мен табиғат аясында демалушылардан өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау сұралды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады