Алматы әкімдігі бұрынғы трамвай депосының орнына не және қашан салынатынын айтты

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде жүйелі қала құрылысы шешімдері қабылданып, ауқымды жобаны іске асыру басталды.

Гоголь және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан бұрынғы трамвай депосының аумағында жалпы ауданы шамамен 32 мың шаршы метр болатын креативті кластер салу жоспарланған. Жобаның функционалдық моделі креативті индустрияларды дамытуға арналған толыққанды инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған.

Кластер құрамында көпфункциялы концерт залы, қоғамдық холл мен іс-шараларға арналған кеңістік, креативті индустрия өкілдеріне арналған студия мен шеберхана, қазақстандық дизайнерлердің шоурумдары, заманауи өнер галереясы, қалалық іс-шаралар өткізуге арналған атриум, сондай-ақ креативті кәсіпкерлерге арналған кеңсе кеңістіктері қарастырылған.

Бұдан бөлек, жоба аясында амфитеатр, жазғы сахна, саябақ аймағы және балалар ойын инфрақұрылымы бар көркейтілген аумақ салынып, тұрғындар үшін ашық әрі қолжетімді қоғамдық кеңістік қалыптастырылады.

"Бұл жоба жекелеген аумақты көріктендірумен ғана шектелмейді. Оның басты мақсаты – аумақтың функционалдық рөлін өзгертіп, адами капитал мен креативті экономиканы дамытуға бағытталған жаңа орталық қалыптастыру. Аталған аумақтың ұзақ уақыт бойы пайдаланылмауы осындай ауқымды жобаны әзірлеу және келісу жұмыстарының күрделілігімен байланысты болды. Өйткені жоба қала құрылысы мен сараптаманың барлық кезеңінен өтуді талап етті. Жоба Қала құрылысы кеңесінің мақұлдауына ие болып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Яғни бүгінде жобаның тұжырымдамасы ғана емес, жобалық құжаттамасы да толық бекітілген. Ескі ғимараттарды бұзу жұмыстары аяқталып, құрылыстың белсенді кезеңі басталды", – деп атап өтті әкімдікте.

Осылайша, бұрынғы трамвай депосының аумағы қалалық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды жобалардың біріне айналып, қала экономикасына ықпалдастырылған әрі тұрғындар үшін ашық заманауи креативті кластерге айналады.

Сонымен қатар әкімдікте қала трамвайдан бас тартпайтынын еске салды. Қазіргі уақытта заманауи трамвай болып саналатын LRT (жеңіл рельсті көлік) жүйесінің алғашқы желісінің құрылысы басталды. Бағыт Абылай хан даңғылы арқылы өтіп, Төле би көшесімен батысқа қарай жалғасады және Бауыржан Момышұлы көшесімен солтүстік бағытқа бұрылады. Ал жаңа трамвай депосы Алатау ауданындағы Индустриялық аймақ аумағында салынады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

2026-2027 оқу жылында оқушылар қашан демалатыны белгілі болды

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді