Павел Дуров Ресей билігінің шешімінен кейін қатаң мәлімдеме жасады

Сурет: Instagram/durov
2026 жылғы 30 шілдеде Ресейдің Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметі террористер мен экстремистер тізіміне енгізген "ВКонтакте" және Telegram желілерінің негізін қалаушы Павел Дуров үнсіздігін бұзып, өзіне қатысты кейінгі оқиғаларға пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Миллиардер Telegram арнасында:


"Ресей Telegram желісінде жаппай бақылау мен цензура орнату жөніндегі талаптарын орындаудан бас тартқаным үшін мені "террорист" деп таныды. Ресей заңнамасына сәйкес, маған "интернетте ақпарат таратуға" тыйым салынды. Шенеуніктер интернетті пайдалануға кімнің кімге тыйым сала алатынын шатастырып алғанға ұқсайды", – деп жазды.

2026 жылғы 29 шілдеде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі танымал кәсіпкерді халықаралық іздеуге жариялады. Ведомствоның мәлімдеуінше, айып тағуға Telegram әкімшілігінің Ресей арнайы қызметтерінің нұсқасы бойынша Украина арнайы қызметтері Ресей аумағында диверсиялық-террористік әрекеттер дайындау, жаппай кісі өлтіруді ұйымдастыру және кибералаяқтық жасау үшін пайдаланған арналарды, чаттар мен боттарды жоймауы себеп болған.

Келесі күні, 30 шілдеде Ресейдің Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметі Telegram негізін қалаушыны экстремистер мен террористер тізіміне енгізді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған