Тиісті шешім Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман өкілдерінің онлайн форматта өткен кездесуінің қорытындысы бойынша қабылданды. Кездесу барысында қатысушылар әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі жағдай мен оның алдағы даму перспективаларын талқылады.
Әлемдік мұнай нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында тараптар мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге өзгерту туралы шешім қабылдады. Осылайша, мұнай өндірудің жаңа көлемі 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап күшіне енеді.
"ОПЕК+ құрамындағы жеті ел бұл шешім қатысушы мемлекеттерге бұрынғы міндеттемелер бойынша өтемақы төлеу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ олар Өндірісті үйлестіру туралы декларацияның барлық талаптарын, оның ішінде мұнай өндіруді ерікті түрде қосымша түзету жөніндегі міндеттемелерді толық орындауға бейілді екенін растады. Бұл міндеттемелердің орындалуын Бірлескен министрлік мониторинг комитеті (БММК) бақылап отырады", – делінген ұйымның хабарламасында.
Бұдан бөлек, кездесуге қатысушы елдер 2024 жылдың қаңтар айынан бері белгіленген мөлшерден артық өндірілген мұнай көлемін толық өтеуге ниетті екендерін де растады.
Бұған дейін шілде айында қымбат мұнай теңгенің едәуір нығайтқанын жазғанбыз.