FlyArystan ұшағы Астанаға бірден қона алмаған: оған не себеп болды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстандық FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы Астана әуежайына қонар кезде бірден қона алмай, екінші айналым жасауға мәжбүр болды. Әуекомпания баспасөз қызметі бұған не себеп болғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы алғаш болып әлеуметтік желілерде жазылды. ZTB NEWS Telegram-арнасының мәліметінше, ұшақ екінші айналым жасағаннан кейін аман-есен қонған.

FlyArystan компаниясының баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне берген мәліметінде, оқиға 2026 жылғы 1 тамызда Алматы – Астана бағыты бойынша қатынаған FS7055 рейсі кезінде болғанын растады.

"Қону кезінде ауа райы жағдайының өзгеруіне байланысты экипаж ұшақты екінші айналымға жіберу туралы шешім қабылдады. Кейін қайта қонуға әрекет жасап, ұшақ Астана әуежайына сәтті қонды", – деп мәлімдеді әуекомпания.

FlyArystan өкілдерінің айтуынша, экипаждың мұндай шешімі нақты ауа райы жағдайын ескере отырып және ең алдымен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Сондай-ақ компания ұшақтың барлық жүйесі қалыпты режимде жұмыс істегенін атап өтті.

"Ұшақтың жұмысына әсер ететін ешқандай техникалық ақау анықталған жоқ. Барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеді", – деп хабарлады FlyArystan баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, әуекомпаниясы азаматтық авиацияда қону талаптары толық орындалмаған жағдайда ұшақты екінші айналымға жіберу – қалыпты әрі халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын қауіпсіздік шарасы екенін түсіндірді. Мұндай шешім жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданады және бұл авиациядағы стандартты рәсімдердің бірі болып саналады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді