Аюлар бассейнге шомылып, шимпанзелер балмұздақпен салқындауда: Алматы зообағы аптап ыстықты қалай өткеруде

Сурет: Instagram/almatyzoo
Аптап ыстық әлі де жалғасуда. Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі жануарлар бұл кезеңді барынша жайлы өткізу үшін не істеліп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, ақ аю Пурга, бегемоттар, тапирлер мен жолбарыстар бассейнде шомылып, салқындағанды ерекше ұнатады.

Мүйізтұмсықтар үшін балшық ванналары дайындалған. Балшық олардың денесін салқындатып қана қоймай, терісін күннің ыстығы мен жәндіктерден қорғайды.

Ал пілдер табиғи түрде шаң ваннасын қабылдап, осылайша ыстықтан қорғанады.

"Түйелер, ламалар, жылқылар, яктар, бизондар, сондай-ақ ірі және ұсақ мысық тұқымдас жануарлар үшін салқындататын су тұманы ұйымдастырылған. Бұл олардың жоғары температураны жеңіл көтеруіне көмектеседі",- деп түсіндірді зообақ өкілдері.

Сондай-ақ, кейбір жануарларға өрік, алма, шие және таңқурайдан дайындалған жеміс балмұздағы берілетіндігі атап өтілді. Әсіресе оны шимпанзелер Паша мен Лола ерекше жақсы көреді.

Бұған дейін Қазақстанда алдағы күндері көптен күткен жаңбыр жауып, аптап ыстық басылатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады