Елімізде жыл сайын онкологиялық аурулардың шамамен 43 мың жаңа жағдайы анықталады

Фото: zakon.kz
Қазақстанда кейінгі үш жылдың ішінде обырды ерте сатысында анықтау үлесі 6,1% өсіп, 36,8%-ға жетті. Ал онкологиялық аурулардың асқынған жағдайларының саны 7,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пациенттердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65%-ға жетті, ал өлім деңгейі бірден 26,6%-ға төмендеді.

Негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында жетекші орындардың бірін иеленіп, ерте диагностика мен заманауи емдеу әдістері онкологиялық аурулармен күрестің негізі болып саналатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің деңгейіне кезең-кезеңімен жақындап келеді.

"Біз әрбір пациент тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы онкологиялық көмек ала алатын жүйені дәйекті түрде қалыптастырып жатырмыз. Бұл бір реттік шешімдер емес, нақты нәтиже беріп отырған ұзақ мерзімді өзгерістер", – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Бүгінде 246 мың пациент динамикалық бақылауда тұр. Елімізде жыл сайын онкологиялық аурулардың шамамен 43 мың жаңа жағдайы анықталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ІІМ: Заңсыз контент таратқан 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылды

Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат беріледі