Қазақстанда автономды көліктерді сынауға арналған пилоттық жоба іске қосылады

Дорога, дороги, трасса, трассы, машина, машины, дорожное движение, транспорт, авто, автомобиль, автомобили, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 20:07 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда шартты және жоғары деңгейде автоматтандырылған басқаруы бар автокөліктерді енгізуге арналған пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілді. Тиісті бірлескен бұйрыққа 2026 жылғы 4 тамызда қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, Көлік министрінің міндетін атқарушы және Ішкі істер министрі тарапынан қабылданған.

Пилоттық жоба үш жыл бойы Астана, Алматы және Қосшы қалаларында жүзеге асырылады. Автономды көліктер арнайы полигондарда, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардың белгілі бір бағыттарында сыналады.

Қағидаларда көліктердің автоматтандыру деңгейіне қарай талаптар белгіленген. Шартты автоматтандырылған басқаруы бар көлікте кез келген уақытта басқаруды өз қолына алуға дайын адам болуы тиіс. Ал жоғары деңгейдегі автоматтандырылған көліктерді салонда жүргізушісіз пайдалануға рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда көлікті қашықтан бақылайтын оператордың сүйемелдеуі қажет.

Автономды көліктер деректерді тіркеу жүйесімен, бейнебақылау құралдарымен және автоматтандырылған басқару жүйесін авариялық жағдайда ажырату тетіктерімен жабдықталуы керек. Сонымен қатар көліктерде "Автономды басқару" деген арнайы таңба болуы және бағдарламалық қамтамасыз етуге сырттан араласудан қорғайтын механизмдер қарастырылуы тиіс.

Қағидаларда автономды көліктерді жолаушылар тасымалы мен такси қызметтерінде пайдалану тәртібі де белгіленген. Сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл, жол-көлік оқиғалары кезіндегі әрекет және пилоттық жобаға қатысушылардың жауапкершілігін сақтандыру талаптары қарастырылған.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсыновтың айтуынша, пилоттық жоба автономды көлік технологияларын нақты жағдайларда сынауға, құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыруға және қолданыстағы реттеу тетіктерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Бірлескен бұйрықтың ресми мәтіні бес жұмыс күні ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: