Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары таратқан ескертуде айтылған.
"2026 жылғы 5 тамызда Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі".
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай жағдайда қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдар мен қоршаған ортаны ластайтын басқа да көздердің маңында жүру уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмекті бірге алып жүруі керек.
2026 жылғы 4 тамызда Ақтөбе мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған еді.