Алматыдағы Саин көшесінде төртінші жолақ қосылып, жылдамдық шектеуі енгізілді - не себеп болғаны белгілі болды

Фото: Zakon.kz
Алматыдағы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы 2026 жылғы 6 тамызда Саин көшесіне енгізілген өзгерістер мен олардың себептері жайлы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ең алдымен ведомство желіде тарап жатқан ақпараттың ара-жігін ажыратып, ненің шындыққа жанаспайтындығын түсіндірді.

"Әлеуметтік желіде "жылдамдық шектеуі бүкіл көшеге енгізілді" деген жалған ақпарат тарап жатыр. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. 60 км/сағ-қа дейін шектеу де, жаңа жол таңбасы да Рысқұлов даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі шағын бөлікте ғана пайда болды. Оның өзі оңтүстікке қарай жүргенде ғана қолданылады. Саин көшесінің қалған бөлігінде көліктер бұрынғы режимде жүреді",- деп нақтылады басқарма өкілдері.

Өзгерістер не үшін қажет болды?

Ведомство жақында Саин көшесі Мөңке би көшесіне дейін ұзартылғанын еске салды. Соның салдарынан Боралдай жақтан келетін көлік ағыны күрт артқан.

"Осыған байланысты "Домиллион" сауда үйінің маңында, эстакададан түсетін және тоннельден шығатын жолдар түйістен тұста, жүргізушілер жиі бір-бірінің жолын кесіп, кілт тоқтауға мәжбүр болды. Бұл мәселені шешу үшін жолақтар біршама тарылтылып, қосымша төртінші жолақ қосылды. Енді көлік ағыны бір-біріне бірқалыпты қосылады",- деп түсіндірді Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы.

Ал 60 км/сағ шектеу қозғалыстың қауіпсіз әрі біркелкі болуы үшін қажет. Өйткені әрі қарай Райымбек пен Төле би бұрылыстарында жолға қосылатын да, бөлінетін де тұстар көп.

Сол себептен, жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтауды, жаңа жол таңбаларына назар аударуды және жаңартылған қозғалыс сызбасын ескеру сұралды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Алматыда жеке клиникада баланы сүндеттеген дәрігердің ісін арнайы комиссия қарамақ

ШҚО-да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды