Атырауда жыл басынан бері 17 бала терезеден құлаған: прокуратура ескерту жасады

Фото: pexels
Атырау қаласында жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың терезеден құлауына қатысты 17 жағдай тіркелді. Оқиғалардың бірінде бала қаза тапқан. Қалалық прокуратура балалардың қауіпсіздігіне қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратура мәліметінше, терезеден құлаған балалардың барлығы түрлі дәрежедегі жарақат алған. Бір жағдай өліммен аяқталған.

Осыған байланысты қала прокуратурасы бейінді ведомстволармен бірлесіп, балалардың тұрмыстық және өндірістік жарақаттануының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қазір 200 көпбалалы отбасының үйлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар терезелерге балалардың ашып кетуіне жол бермейтін арнайы бұғаттау құрылғыларын орнату ұйымдастырылған.

Бүгінде мұндай құрылғылар 50 отбасының үйіне орнатылды.

Бұдан бөлек, прокуратураның бастамасымен жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендерін пайдалануға бермес бұрын терезелерге арнайы бұғаттауыштар орнату мәселесі қаралып жатыр.

Прокуратура балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамаған ата-аналар мен заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске салды.

Мамандар балаларды терезеден алшақ ұстауға, терезе алдына жиһаз қоймауға және терезелерді арнайы балалар құлыптары мен фиксаторлармен жабдықтауға шақырады. Сондай-ақ москит торлары баланың салмағына есептелмегенін және құлаудан қорғай алмайтынын ескертті.

Кішкентай балаларды терезе маңында қараусыз қалдырмау қажет.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі