Ақтөбеде бұрынғы сүйіктісін аңдып, психологиялық қысым көрсеткен ер адам ұсталды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысында аудан тұрғыны бұрынғы танысының мазасын қашырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылуда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғандай, бұрын өзі кездескен әйелмен айырылысқаннан кейін ер адам оның шешімімен келісе алмаған.

Әйелдің онымен үш жыл бұрын қоштасып, өзге ауылға қоныс аударғаны да 42 жастағы ер адамның қысымына кедергі болмаған. Ол әйелге әртүрлі телефон нөмірлерінен қайта-қайта қоңырау шалып, балағаттаған, моральдық және психологиялық қысым көрсеткен. Бұдан бөлек, жәбірленуші тұратын елдімекенге барып, үйін аңдыған.

Жұмыс орнына да келіп, әйелдің әріптестері арасындағы беделіне нұқсан келтіруге тырысқан. Полиция сталкинг фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, мұндай әрекетке махаббат себеп болғанын айтып ақталды.

Полиция азаматтарға ескертеді: адамның жеке өміріне қол сұғу, оның еркіне қарсы қайта-қайта байланысқа шығу, аңду және психологиялық қысым көрсету заңмен жазаланады. Мұндай әрекеттерді "махаббат" немесе жеке қарым-қатынастармен ақтауға болмайды. Кез келген азаматтың қауіпсіздігі мен жеке шекарасы заңмен қорғалады.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Екі баланың анасын бұрынғы күйеуі соққыға жығып өлтірген