Тергеу барысында қылмыстық топқа қатысы бар 37 компания анықталған. Олардың ішінде "Metlink" және "Urban Green" компаниялары бойынша ғана мемлекетке келтірілген залал көлемі 2,7 млрд теңгеден асқаны белгілі болды.
"2026 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасының азаматтары "Ш" және "А" ұсталды. Олар ұйымдасқан топ құру және оған басшылық етуге, оның қызметіне қатысуға, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған экономикалық контрабандаға және кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтаруға күдікке ілінді". ҚР Бас прокуратурасы
Күдіктілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128–132-баптарына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
7 тамызда тергеу сотының қаулысымен аталған күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Бас прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жариялануға жатпайтынын хабарлады.