Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамды жариялады. Оған сәйкес, бүгін, 2026 жылы 8 тамызда төрт қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


"8 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда сенбі күні өте қатты ыстық болатынын ескерткен болатын.

Ақтөбе
Атырау
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады