Күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 9 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 9 тамызда күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 9 тамызда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 9 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, орталығындағы екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 9 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстігінде 15 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 9 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 9 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 9 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақмола облысында 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 9 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 9 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Қонаевта 9 тамызда күндіз 36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 9 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 9 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғып, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 9 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 9 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 9 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер 9 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралатынын айтқан.