Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің кейбір өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.
11 тамыз, сейсенбі күні елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Күндіз елдің батысы мен орталығында ауа температурасы +27...+39°C, солтүстік-батысы мен солтүстігінде +25...+35°C-қа дейін көтеріледі. Шығыста және оңтүстік-шығыста +30...+42°C, ал оңтүстікте +37...+44°C ыстық болады.
Бұған дейін "Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы алты қаланың тұрғындарына ескерту жасаған еді.