Электросамокат жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар: қазақстандықтар нені білуі керек

Фото: freepik
2026 жылғы 10 тамызда Астана қаласының ПД еріктілермен, прокуратура және электрсамокаттарды жалға беретін компаниялармен бірлесіп, профилактикалық акция өткізді. Іс-шара барысында елорда тұрғындарына электрсамокат пайдаланушыларға қойылатын жаңа талаптар түсіндірілді.

2026 жылғы 25 тамыздан бастап электрсамокат жүргізушілері мына талаптарды сақтауға міндетті:

Электрсамокаттардың тротуарлармен және жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынады.

Астана прокуратурасының қызметкерлері электрсамокат пайдаланушылар жиі жасайтын құқық бұзушылықтардың қатарында жүргізуші куәлігінсіз жолдың жүру бөлігіне шығу, жылдамдықты арттыру және жол қиылыстарынан өту талаптарын сақтамау бар екенін атап өтті. Сондай-ақ бір самокатпен жолаушы тасымалдау да ерекше қауіп төндіреді.

"Бұл жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін едәуір арттырады. Заңнамаға енгізілген өзгерістер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін күшейту қажеттілігіне де байланысты", – деді Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры Ақжол Сәтілдә.

Кикшеринг компаниялары 1 шілдеден бастап пайдаланушыларға бақылауды күшейтті.

Самокаттарға үш жағынан – жақтауы мен артқы қанатына сәйкестендіру нөмірлері жазылады. Бұл камералардағы деректер арқылы көлік құралын анықтап, құқық бұзушыларға қатысты шара қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 18 жасқа толмаған пайдаланушыларды тіркеуге тыйым салынған.

Акцияны ұйымдастырушылар көлік жүргізу мәдениетін сақтау қажеттігін де еске салды. Электрсамокаттарды тротуардың ортасына, жолдың жүру бөлігіне, велосипед жолына немесе автокөліктерге арналған тұрақ орындарына қалдыруға болмайды. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін пайдаланушыға жаза қолданылуы немесе оның есептік жазбасы бұғатталуы мүмкін.

Ал Алматы полиция департаменті жолдардың қай учаскелерінде ең жоғары қозғалыс жылдамдығы төмендетілуі мүмкін екенін айтты.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы