Оның айтуынша, ақпараттық жүйелер арасында деректерді жеткізу және алмасуды қамтамасыз ететін электронды үкімет шлюзі ұзақ уақыт бойы "әлсіз буын" болып келген.
"Оның техникалық мүмкіндіктері артып келе жатқан жүктемеге төтеп бере алмайтын деңгейге жетті. Тек өткен жылдың өзінде шлюз арқылы 19 млрд-тан астам транзакция өтті", – деді Мәдиев.
Осыған байланысты, оның сөзінше, пайдалануға өнімділігі жоғары жаңа шлюз енгізілген.
"Бұл жүктеме жыл сайын 25%-ға өсіп отырғанына қарамастан, жүйенің ең жоғары өткізу қабілеті мен жұмыс жылдамдығын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Жаңа шлюз іске қосылғалы бері бірде-бір ақау тіркелген жоқ", – деп түсіндірді Мәдиев.
Бұған дейін енді жасанды интеллект жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтарға көмектесе алатындығын жазғанбыз.