Алматыда жаңа базар ашылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 2026 жылғы 12 тамызда Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі қала тұрғындарына жағымды жаңалықты хабарлады. Бостандық ауданында алғашқы жаңғыртылған коммуналдық базар ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік мәліметінше, базар "Қазақфильм" шағынауданында орналасады. Онда 100-ге жуық сауда орны болады.

Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары мен аумақты абаттандыру аяқталуға жақын.


"Базар Алматының дизайн-кодына сәйкес бірыңғай үлгіде безендіріледі. Мұнда жабық және ашық сауда алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары, санитарлық тораптар, автотұрақ, аялдама кешені және қоғамдық кеңістіктер қарастырылған", – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Жабық бөлікте отандық тауар өндірушілердің өнімдері саудаланады. Ал ашық алаңда фермерлердің қатысуымен демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер жалғасады.

Бұған дейін, 11 тамызда Алматыдағы дүкендердің бірінде сатушының сатып алушыға сенбей, оны соққыға жыққаны хабарланған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін