Үй алып беруге уәде еткен: Алаяқ әйел 20 адамды сан соқтырып кетті

Фото: Zakon.kz
Степногорск қаласының прокуратурасы ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін айыпталған қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады. Істің мән-жайын 2026 жылғы 14 тамызда Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі баяндап берді.

Анықталғандай, 2023-2024 жылдар аралығында сотталған әйел пайдакүнемдік ниетпен, азаматтарды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген.

"Бұл ретте өз міндеттемелерін орындауға ниеті де, нақты мүмкіндігі де болмағанына қарамастан, азаматтардан ақша қаражатын алып, оны жеке мақсаттарына жұмсаған. Қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 20 азамат жәбірленуші деп танылып, оларға жалпы сомасы 45 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген".Ақмола облысы прокуратурасы

Белгілі болғандай, сот талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасағаны дәлелденді.

"Степногорск қаласының сотының үкімімен әйел ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді". Ақмола облысы прокуратурасы

Қала прокуратурасы азаматтарды мәмілелер жасау кезінде, оның ішінде тұрғын үй сатып алуға байланысты мәселелерде, қырағы болуға, ұсынылатын қызметтердің шынайылығын, тұлғалардың өкілеттіктерін және ақша қаражатын алуға заңды негіздерінің бар-жоғын тексеруге шақырады.

"Тиісті құжаттары мен заңды кепілдіктері жоқ болған жағдайда тұрғын үй мәселесін тиімді шарттармен шешуге уәде беретін тұлғаларға сенбеңіздер, себебі мұндай ұсыныстар алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін",- деп ескертті мамандар. .

Бұған дейін Қазақстандық банктер үшін жаңа қаржылық талаптар енгізілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады