Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 14 тамызда қала әкімдігі мәлімдеді.
"Алматыда жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Электрмен жабдықтау желілерін қайта құруға байланысты 14 тамыз сағат 22:00-ден 15 тамыз сағат 06:00-ге дейін Мұқанов көшесінен Қожамқұлов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады", – делінген хабарламада.
Қала әкімдігі жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылатынын мәлімдеді.
"Бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", – деп қорытындылады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2026 жылғы 13 тамызда Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автомобиль жолының бір бөлігі жабылатыны хабарланған еді.