Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп жүргізген талдау барысында табиғи монополия субъектілерінің қызметінде заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған.
Атап айтқанда, кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды беруден негізсіз бас тарту және бос қуаттар туралы ақпаратты жасырған жағдайлар тіркелді.
Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 30 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 23 млн теңгеден асты.
Бас прокуратура бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Құқықтары бұзылған немесе әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторлар +7 708 525 50 81 телефонына немесе 115 Call-орталығына хабарласа алады.