Күндіз Алматыны, түнде Атырауды тұмшалайды: синоптиктер тұрғындарға ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Сейсенбі, 18 тамызда Алматы мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты тұрғындарға далада жүру уақытын қысқарту ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланды.

"2026 жылғы 18 тамызда Алматыда, ал түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген ескертуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Олардың қатарына желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай кезде тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында ашық ауада ұзақ жүрмеуге кеңес беріледі. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда аптап ыстықтың беті қайтып, ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауатынын ескерткен еді. Ауа райының бұзылуына байланысты 18 тамызда еліміздің 15 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстан
Атырау
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтарға қаржылық пирамиданың негізгі белгілері түсіндірілді