Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап, қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Қостанай облысының Лисаковск қаласында қайғылы жағдай болды. Көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлаған 71 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 16 тамызда қаланың 4-шағынауданында болған. Әйелдің қаза болғанын Қостанай облысының полиция департаменті растады.

Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр және бақылауда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді", – деді полиция өкілдері 18 тамызда Zakon.kz тілшісіне.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада 22 жастағы бойжеткен көпқабатты үйден құлап, қаза тапқанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін