Қазақстандық әке қызы үшін үйінен көшеге шығатын жеке жеделсаты жасады

Фото: Zakon.kz
Ақтау қаласының тұрғыны Самиғолла Ғаниев церебралды сал ауруы диагнозы қойылған қызы үшін екінші қабаттағы пәтерінен көшеге шығуға мүмкіндік беретін жеке жеделсаты орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Astana TV" телеарнасы жариялады.

Енді 33 жастағы Гүлберген күн сайын сыртқа шыға алады. Ол бес баланың тұңғышы.

Заманауи жеделсаты бейнекамерамен, жарықтандыру жүйесімен және кодты құлыппен жабдықталған. Жеделсаты 250 келіге дейін жүк көтереді. Ал бірінші қабатқа дейінгі биіктік – 3 метр 80 сантиметр.

Бұл шешімге Самиғолла Ғаниев әйелі мен қызының кезекті серуенінен кейін келген.

"Әйелім қызымызды екінші қабатқа көтеріп жатқанда, белі ауырып қалды. Сосын ол қандай да бір көтергіш ойлап табуды өтінді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен іздей бастадым. Рудный қаласындағы компанияға тап болдым. Бастапқыда мұндай құрылғы жасамайтынын айтты. Кейін қайта хабарласып, тапсырыспен жасап бере алатынын жеткізді", — деді көпбалалы әке.

Жеделсатыны жасауға, тасымалдауға және орнатуға бір айға жетпейтін уақыт пен 4 миллион теңге жұмсалған. Алайда қамқор әке мұнымен тоқтамады. Гүлбергенге жайлы болуы үшін ол өз бөлмесінен балкон да жасап берді.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Қазақстандық әке қызы үшін үйінен көшеге шығатын жеке жеделсаты жасады

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау