Алматыда әл-Фараби даңғылына шығатын көше жабылды
Фото: pexels
Алматыда Үшкемпіров көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған байланысты бүгін, 2026 жылғы 19 тамызда жүргізушілерге көшенің уақытша жабылғаны ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы AlmatyJoly Telegram арнасында хабарланды.
"Жөндеу жұмыстарына байланысты Алаша көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша шектелді. Жолды 20 тамыз сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін", – делінген сәрсенбіде жарияланған хабарламада.
Жабылған жол бөлігінде тығыз қиыршық тас-мастикалық асфальт-бетон қоспасынан жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізілетіні нақтыланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript