Қазақстанда соңғы бес жылда ең төменгі және орташа жалақы қалай өзгерді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылы еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Ал биылғы бірінші тоқсандағы орташа жалақы 461 486 теңгеге жетті. Zakon.kz қоғам үшін маңызды бұл көрсеткіштердің соңғы жылдардағы өзгерісіне шолу жасады.

Өзгеріс динамикасы

Кейінгі жылдардағы көрсеткіштер:

Байқағанымыздай, орташа жалақы тұрақты түрде өсіп отырған. Ал ең төменгі жалақы мөлшері 2024 жылдан бері өзгерген жоқ.

Жалақы қалай есептеледі

Орташа жалақыны есептеу тәртібі қарапайым: қызметкерлерге төленген табыстың жалпы сомасы жұмыс істейтін азаматтардың жалпы санына бөлінеді. Сондықтан орташа жалақы дәстүрлі түрде халықтың нақты әл-ауқатын толық көрсете алмайтын көрсеткіш саналады. Өйткені оны есептеу кезінде ең жоғары және ең төменгі жалақылар бірдей ескеріледі.

Ал ең төменгі жалақыны есептеу тәртібі күрделірек. Жалпы, оны белгілеу кезінде ең төменгі күнкөріс деңгейі, макроэкономикалық болжамдар мен инфляция деңгейі ескерілуге тиіс. Биыл ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңгені құрайды.

Қаңтар айында Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы инфляция туралы мәліметтерді жариялады.

"2025 жылы жылдық инфляция 12,3%-ды құрады. Өткен жылы азық-түлік тауарлары 13,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар 11,1%-ға қымбаттады, ал ақылы қызметтердің тарифтері 12%-ға өсті", – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Соған қарамастан, ең төменгі жалақы мөлшері үшінші жыл қатарынан өзгеріссіз қалып отыр.

Биыл сәуір айында оны бірден 150 мың теңгеге дейін көтеру бастамасы көтерілген еді. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет кулуарында бұл мәселе министрліктің күн тәртібінде тұрғанын мәлімдеді.

"Қазір ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды. Біз оны арттырамыз. Әлемде ең төменгі жалақы мөлшері медианалық жалақының 50%-ына тең. Сондықтан біздің міндетіміз – жақын арада ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу", – деді Азамат Әмрин.

Алайда ол бұл өзгерістің нақты қашан енгізілетінін айта алмады.

Медианалық жалақы

Вице-министрдің сөзінен медианалық жалақы мөлшері сәуір айында 300 мың теңгеден сәл асқанын аңғаруға болады. Бұл көрсеткіш халықтың нақты табысына біршама жақын саналады. Өйткені оны есептеу кезінде ең жоғары және ең төменгі жалақылар емес, қатардың дәл ортасындағы көрсеткіш негізге алынады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында медианалық жалақы 331 527 теңгені құрады.

Ал орташа жалақы медианалық көрсеткіштен 129 959 теңгеге жоғары болып, 461 486 теңгені құрады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау

Қазақстандық әке қызы үшін үйінен көшеге шығатын жеке жеделсаты жасады