Жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 млн теңгеге жуық ақша жұмсаған

Фото: unsplash
Алматы облысында жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 млн теңгеге жуық қаражат жұмсаған. Бұл туралы 2026 жылғы 20 тамызда өңір прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратураның мәліметінше, Алматы облысындағы 20 жеке сот орындаушысы Olimpbet букмекерлік кеңсесіндегі шоттарын тұрақты түрде толықтырып, құмар ойындарға қатысқан. Операциялардың жалпы сомасы шамамен 180 млн теңгені құрады.


"Тексеру барысында жеке сот орындаушыларының бірі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударғаны анықталды", – делінген хабарламада.

Алматы облысының прокуратурасы қомақты қаражатты құмар ойындарға жұмсаған қоғамдық маңызы бар міндеттерді атқаратын тұлғалардың мұндай әрекеті кәсіби әдеп талаптарына қайшы келетінін және олардың адалдық қағидаттарын сақтауына күмән келтіретінін атап өтті.

Тексеру қорытындысы бойынша заңда көзделген шараларды қабылдау үшін Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына прокурорлық ден қою актілері енгізілді.

Бұған дейін, 2026 жылғы 23 маусымда Қазақстанның оңтүстігінде мемлекеттік органдардың бірқатар қызметкері құмар ойындарға қатысқаны үшін жұмыстан шығарылғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Қазақстанда аптап ыстық алдағы уақытта қалыпты жағдайға айналуы мүмкін

Алматыдағы Достық даңғылынан басталатын Құрмет көшесі алты күнге жабық