31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты

Сурет: First Media Group
2026 жылғы 15 тамызда Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэстің (YE) халықаралық туры аясындағы концерті өтті. Алматы әзірге оның Орталық Азиядағы туры өткен жалғыз қала болды. Ауқымды іс-шара қала экономикасына шамамен 5 млрд теңге табыс әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Концертті ұйымдастырған First Media Group компаниясының мәліметінше, шараға 50-ден астам елден қонақ келген. Орталық стадионға 31 мың көрермен жиналды.

"Концерт 50-ден астам ел мен аумақтан шамамен 7700 туристі тартты. Алматыға Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, БАӘ, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Австралия және басқа да елдерден қонақтар келді", – деп хабарлады компания өкілдері.

Шетелден келгендердің арасында әртістің әлемдік тур кестесіне сай концерттеріне тұрақты түрде барып жүрген 2 мыңға жуық жанкүйері де болған.

Шетелдік қонақтардың келуі қаладағы қонақүйлерге, қоғамдық көлікке, мейрамханалар мен басқа да қызмет түрлеріне сұранысты арттырды. Туристер ағынынан түскен экономикалық тиімділік шамамен 5 млрд теңгені құрады.

13-16 тамыз аралығында Алматыда қонақүй қызметтеріне сұраныс күрт өсті. Орналастыру орындарының орташа жүктемесі шамамен 98%-ға жетті.

Айта кетейік, қаладағы қолайсыз ауа райына байланысты рэпердің концерті бір күнге кейінге шегерілген еді. Соған қарамастан, іс-шара кең ауқымда өтті. Стадионның концертке дайындығы Алматы тұрғындарын ғана емес, бүкіл Қазақстан жұртшылығын тәнті етті.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін