Алматыда автобустағы төбелес пышақтасуға ұласа жаздады

Фото: Zakon.kz
Алматыда бірнеше ер адам жолаушылардың көзінше автобус ішінде жанжал шығарды. Алдымен олар төбелесіп, кейін бұзақылардың бірі қолына пышақ алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде 20 тамызда №33 автобуста болған оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан жас жігіттің жолаушылардың бірін дөрекі түрде сыртқа шығып, сөйлесуге шақырғанын көруге болады. Ол қарсылық білдіріп, жігітті бетінен ұрған. Осыдан кейін төбелес басталған. Тіпті соққылардың кейбірі жақын жерде отырған егде жастағы әйелге тиген.

Осы сәтте тағы бір жігіт пышақ шығарып, оны әлгі жолаушыға қарай сермей бастаған. Мұны көрген адамдар қорыққаннан айқайлап, автобус ішінде дүрбелең туындады.

Одан кейін екі бұзақы автобустан түскен. Видео авторы жолаушыдан орнына отыруды, ал жүргізушіден автобусты жүргізуді сұраған. Кадр сыртында әйелдердің есікті жабуды өтінгені естіледі. Алайда жанжал шығарғандар автобусқа қайта-қайта жақындаған. Қорыққан бала жылап жіберген.

Жүргізушіге жағдайға араласуға тура келді. Жолаушы әлгі жігіттердің оның ұялы телефонын тартып алмақ болғанын айтты. Ақыры жүргізуші рөлге отырып, есікті жауып, жүріп кеткен.

Оқиғаға Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.

"Бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Полиция төбелеске қатысушылардың әрекетіне қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті. Мұндай агрессивті әрі қоғамға қауіп төндіретін әрекетке жол берілмейді. Кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Ал Астанада елордадағы ойын-сауық орындарының бірінде болған адам өлімімен аяқталған төбелеске қатысты үкім шығарылды. Сот алдында келушілермен жанжалы қайғылы жағдайға ұласқан екі ер адам жауап берді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты