Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі туралы ақпарат беретін платформа пайда болады

Телефон, телефон в руках, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 12:37 Фото: pexels
FlyArystan әуе компаниясы рейстер кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда жолаушыларға өз мәселесін өз бетінше шешуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервис іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 20 тамызда әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа сервис жолаушыларға байланыс орталығына жүгінбей-ақ, онлайн түрде әрі қарайғы әрекеттердің қолжетімді нұсқаларын өздері таңдауға мүмкіндік береді.

платформа, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 12:37

Сурет: flyarystan

Мәселен, рейс ұшуға дейін 72 сағат ішінде кешіктірілсе немесе тоқтатылса, жолаушыға билет рәсімдеу кезінде көрсетілген WhatsApp нөміріне немесе электрондық поштасына жеке хабарлама жіберіледі.

"Хабарламада рейстің өзгеруіне қатысты негізгі ақпарат, соның ішінде бастапқы және жаңа ұшу уақыты көрсетіледі", – деп хабарлады әуе компаниясы.

WhatsApp немесе электрондық пошта арқылы келген бірегей сілтеме арқылы жолаушы жеке веб-парақшаға өтеді. Ол жерде тіркелудің немесе қосымша мәліметтерді енгізудің қажеті жоқ. Парақшада нақты рейске, билетке және өзгерістің сипатына қарай жолаушыға қолжетімді әрекет нұсқалары автоматты түрде көрсетіледі.

Жағдайға байланысты жолаушы:

  • "Жаңа уақытты қабылдау" – рейстің ауыстырылған уақытын растау;
  • "Басқа уақытқа немесе күнге ауыстыру" – балама рейсті таңдау;
  • "Ақшаны қайтару" – әуе компаниясының ережелерінде қарастырылған жағдайда билетті қайтару мүмкіндіктерін пайдалана алады.
"Бұл жекелендірілген сервисті FlyArystan компаниясының барлық жолаушысы билетті қай арна арқылы сатып алғанына қарамастан пайдалана алады", – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Айта кетейік, 20 тамызда қытайлық әуе компания Гонконгтан Алматыға жаңа тікелей жолаушылар рейсін іске қосатынын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: