Жаңалықтар тізбегі
0

FlyArystan компаниясы бірқатар рейстерінің кешігетінін хабарлады

Рейс, FlyArystan, Астана, Шымкент, Ақтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 21:21 Сурет: pixabay
FlyArystan әуе компаниясы өз жолаушыларына Астана, Шымкент және Ақтау қалаларынан қатынайтын рейстердің тоқтатылғанын әрі кешігетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компанияның Telegram-дағы арнасында ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі рейстер тоқтатылғаны хабарланады:

  • KC7307 Астана-Шымкент, ұшу уақыты 1 желтоқсан 22:00 болып өзгертілді.
  • KC7308 Шымкент-Астана, ұшу уақыты 2 желтоқсан 00:20 болып өзгертілді.

FlyArystan тағы мына рейстер уақытынан кешігетінін хабарлады:

  • KC7325 Астана-Шымкент 21:00
  • КС7326 Шымкент-Астана 23:20
  • KC7576 Ақтау-Шымкент 21:00
  • KC7507 Шымкент-Астана 20:30
  • КС7228 Шымкент-Атырау 00:00

"Болжам бойынша қалыптасқан ауа райы Шымкент әуежайында ұшып-қонуға мүмкіндік бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген рейстердің ұшу уақыты кейінге шегерілуі мүмкін. Әуекомпания Шымкент әуежайы аймағындағы ауа райы болжамын үздіксіз бақылап отыр", делінген хабарламада.

"Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ, жолаушылар FlyArystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады", деп атап өтті әуежай қызметі.

Айта кетсек, 2023 жылы 27 қарашада Ақтауға түнде ұшқан FlyArystan ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болғаны хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: