FlyArystan рейс 15 сағаттан астам уақытқа кешіктірілетінін хабарлады
Сурет: Zakon.kz
FlyArystan Түркістан – Астана рейсінің ұшуын 15 сағаттан астам уақытқа кешіктірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе компаниясы рейс өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктірілетінін мәлімдеді.
"29 шілде күні 00:55-те орындалатын КC7362 Түркістан – Астана рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктірілді. Рейс Түркістан қаласының жергілікті уақыты бойынша алдын ала 29 шілде сағат 16:30-ға ұшуға жоспарлануда.Біз жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз және ұшу қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз екенін еске саламыз", – делінген FlyArystan таратқан хабарламада.
Компания рейс екі сағаттан артық кешіктірілген кезде, жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алатынын, төрт сағаттан артық кешіктірілгенде, ыстық тамақ ұсынылатынын ескертті.
Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласуды сұраймыз.
"Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстану орны, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады. Осы мәселелер бойынша жолаушылардан FlyArystan өкілдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз, барынша қолдау көрсетілетін болады", – дейді компания өкілдері.
Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар билеттің құнын қайтарып ала алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript