Қазақстан азаматтары Тайландқа тағы бір жаңа тәсілмен жете алады

Жаңа әуе рейсі, ұшақ, SCAT, Тайланд, Шымкент – Бангкок  , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 19:34 Сурет: pixabay
ҚР Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейтіп, халықаралық рейстер санын арттыруда. Мәселен, 15 желтоқсаннан бастап "SCAT" әуе компаниясы жаңа әуе рейсін іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, бұл арада Тайландқа қарай жаңадан ашылған Шымкент – Бангкок бағыты туралы сөз болып отыр.

Рейстер аптасына екі рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері —  Boeing 737 MAX 8  және  Boeing 737–800 типті әуе кемелерімен орындалатын болады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіледі. 

Бұған дейін Қазақстаннан Грузия бағытына қарай жаңа әуе рейсі ашылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: