Қазақстаннан Грузия бағытына қарай жаңа әуе рейсі ашылды

Жаңа әуе рейсі, ұшақ, SCAT, Шымкент – Тбилиси, Қазақстан, Грузия , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 19:27 Сурет: Zakon.kz
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейтіп, халықаралық рейстер санын арттыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 желтоқсанынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты.

Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және жұма күндері — "Boeing 737 MAX 8" және "Boeing 737–800" типті әуе кемелерімен орындалады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіледі. 

Айта кетсек, Атырау облысында Қытайдан келген турист жергілікті полицейлер жайлы ойымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: