Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда "ашық аспан" режимі бес жылға ұзартылды

Азаматтық авиация комитеті, "ашық аспан" режимі, халықаралық рейс, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2023 12:39 Сурет: pixabay
Қазақстанда "ашық аспан" режимі бес жылға, яғни 2027 жылға дейін ұзартылды. Азаматтың авиация комитетінің мәлімдеуінше, бұл шара ұшу географиясын кеңейтуге және халықаралық рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл режим рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастауды және қазақстандық авиакомпаниялар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін беруді көздейді, деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті.

"Ашық аспан" режимі Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Семей, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Түркістан қалаларының 12 халықаралық әуежайларында қолданылды.

"Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша бұл режим өңірді дамыту мақсатында Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайына да енгізілді".Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл режим жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылардың бәсекелестігін дамытуға, халықаралық маршруттарды ашуға, авиабилеттер құнын төмендетуге, туризмді дамытуға және Қазақстан қалаларының көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: