Атырау облысында Қытайдан келген турист жергілікті полицейлер жайлы ойымен бөлісті

Турист, Атырау, Қытай, көмектесу, көлігі жүрмеу, жанар-жағармай, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 18:33 Сурет: polisia.kz
Атырау облысы Исатай аудандық полиция бөлімінің жол және техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік автоинспекторы республикалық маңызы бар Ақтөбе–Атырау–Астрахань тас жолының 688 шақырымында көлігі жүрмей қалған шетелдік азаматшаға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай Халық Республикасының азаматшасы мінген автокөлік жанар-жағармайдың таусылуына байланысты жол бойында қалып қойған. Осы сәтте қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция капитаны Ербол Ізімберген жағдайды байқап, дереу көмекке келген.

Полицей шетелдік азаматшаны жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетіне дейін жеткізіп, қажетті жанармай алуына жәрдемдескен. Кейін автокөлікті сүйемелдеп, оның қауіпсіз түрде сапарын жалғастыруын қамтамасыз еткен.

Шетелдік азаматша тәртіп сақшысының көрсеткен көмегіне алғыс айтып, шынайы ризашылығын білдірді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: