Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі туралы ақпарат беретін платформа пайда болады

Фото: pexels
FlyArystan әуе компаниясы рейстер кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда жолаушыларға өз мәселесін өз бетінше шешуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервис іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 20 тамызда әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа сервис жолаушыларға байланыс орталығына жүгінбей-ақ, онлайн түрде әрі қарайғы әрекеттердің қолжетімді нұсқаларын өздері таңдауға мүмкіндік береді.

Сурет: flyarystan

Мәселен, рейс ұшуға дейін 72 сағат ішінде кешіктірілсе немесе тоқтатылса, жолаушыға билет рәсімдеу кезінде көрсетілген WhatsApp нөміріне немесе электрондық поштасына жеке хабарлама жіберіледі.

"Хабарламада рейстің өзгеруіне қатысты негізгі ақпарат, соның ішінде бастапқы және жаңа ұшу уақыты көрсетіледі", – деп хабарлады әуе компаниясы.

WhatsApp немесе электрондық пошта арқылы келген бірегей сілтеме арқылы жолаушы жеке веб-парақшаға өтеді. Ол жерде тіркелудің немесе қосымша мәліметтерді енгізудің қажеті жоқ. Парақшада нақты рейске, билетке және өзгерістің сипатына қарай жолаушыға қолжетімді әрекет нұсқалары автоматты түрде көрсетіледі.

Жағдайға байланысты жолаушы:

"Бұл жекелендірілген сервисті FlyArystan компаниясының барлық жолаушысы билетті қай арна арқылы сатып алғанына қарамастан пайдалана алады", – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Айта кетейік, 20 тамызда қытайлық әуе компания Гонконгтан Алматыға жаңа тікелей жолаушылар рейсін іске қосатынын жариялаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін