Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Zakon.kz
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Майлин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 тамыз сағат 20:00-ден 24 тамыз сағат 08:00-ге дейін №9 үйден Тбилиси көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары көшенің батыс бөлігінде жүргізіледі. Осыған байланысты қарама-қарсы бағытта реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Жүргізушілерден уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтап, жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.

Көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланады.

Қазақстан
Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін