Алматыда сайлау күні мүгедектігі бар азаматтарға "Инватакси" қызмет көрсетеді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетін күні мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, сайлаушыларды дауыс беру учаскелеріне жеткізу үшін 170 "Инватакси" көлігі жұмылдырылады. Оның 36-сы арнайы жабдықталған, ал 134-і – жеңіл автокөлік.

Қызметті арбамен қозғалатын, тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдалана алады.

Арбамен қозғалатын және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар көлікке алдын ала тапсырыс беру үшін мына нөмірлерге хабарласа алады:

Көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған байланыс нөмірлері:

Бұдан бөлек, сайлау күні қалада 20 кезекші автокөлік қызмет көрсетеді. Оларды 8 700 151 07 01 және 338-30-09 телефон нөмірлері арқылы шақыруға болады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін